Туған күннен қалған тағамды жеген: Өзбекстанда анасы 3 баласымен тамақтан уланып көз жұмды

0
207

Өлім себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.


Туған күннен қалған тағамды жеген: Өзбекстанда анасы 3 баласымен тамақтан уланып көз жұмды

Фото: podrobno.uz

ERNUR.KZ. Хорезм облысының Бағат ауданында тамақтан улану салдарынан анасы мен оның үш кәмелетке толмаған баласы қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратты Өзбекстан Бас прокуратурасының ақпараттық қызметінің жетекшісі Хаёт Шамсутдинов хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 8 қазанда отбасы мүшелері өткен түндегі туған күн тойлаудан кейін қалған тамақ өнімдерін жеген.

Өлім себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тексеруге облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының, Санитариялық-эпидемиологиялық амандық және қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің, сондай-ақ облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары тартылды.

Орын алған оқиғада қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін және адам өліміне әкеп соқтырған өнімдерді өндіруге, сақтауға немесе сатуға байланысты қылмыс белгілері байқалады.

Осыған байланысты бұл факт негізінде Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 276-11-бабы 4-бөлігінің "а" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.