Елімізде 21 уақытша сақтау қоймасының жұмысы тоқтатылды

0
202

Қазақстан бойынша уақытша сақтау қоймаларының қызметін тексеру кезінде кеден заңнамасының жүйелі бұзушылықтары анықталды.


Елімізде 21 уақытша сақтау қоймасының жұмысы тоқтатылды

Фото: Kazinform/ЖИ

ERNUR.KZ. Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде 21 қойманың жұмысы тоқтатылып, иелеріне қатысты 23 әкімшілік материал толтырылды, деп жазады inform.kz.

Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, талдау барысында қоймалардың тізілімге енгізу талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Атап айтқанда, кейбірінде теміржол жолдары, бетон төсемелер, бақылау-өткізу пункттері, бейнебақылау камералары мен қоршаулар болмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтарға жол берген қоймалардың қызметі тоқтатылды.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық бөлімшелерге қоймаларды кәсіби деңгейге көтеру және олардың қызметін бақылауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді.

Уақытша сақтау қоймаларының жұмысын дұрыс ұйымдастыру жүктерді өңдеу жылдамдығына, тауар айналымының үздіксіздігіне, тасымалданатын тауарлардың сақталуына және елдің инвестициялық тартымдылығына тікелей әсер етеді.