Президент тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беру керегін жеткізді.
Фото: Elbasy.kz
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайтынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Президент тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беру керегін жеткізді.
“Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе”, – дейді Тоқаев.
Бәріміз біртұтас қоғам болып Әділетті Қазақстанды құру ісін қолға алдық деді мемлекет басшысы.
“Әділеттілік қағидаттарын халқымыз арасында дәріптеп жатырмыз. Шын мәнінде, әділеттілік ең жоғары рухани құндылық десек дұрыс болады. Жаңа партияға “Әділет” атауын бердік”, – деп түсіндірді президент.
Еске салайық, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтайы сайлауында дауыс берген еді. Тұңғыш президенттің баспасөз қызметінің дерегіне сәйкес, жақында бел омыртқасына жасалған отадан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты Назарбаев үйден дауыс берген.


