ТҮРКІСТАН: Жұмыстан заңсыз шығарылған мұғалім сот ғимаратында өз-өзіне пышақ салды

0
102

Мұғалім биыл қаңтар айында жұмыстан шығарылған.


ТҮРКІСТАН: Жұмыстан заңсыз шығарылған мұғалім сот ғимаратында өз-өзіне пышақ салды

фото видеодан алынды

ERNUR.KZ. Түркістан облысында жұмыстан заңсыз шығарылған мұғалім сот ғимаратында өз-өзіне пышақ салды, деп хабарлайды stankznews.

Бұл 24 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз Х. Ерімбетов. Ол Түркістан облысының тұрғыны. Мұғалім биыл қаңтар айында жұмыстан шығарылған.

Педагог еңбек құқығы бұзылғанын айтып, Түркістан облысының еңбек инспекциясына шағым түсірген. Тексеру нәтижесінде мұғалімнің жұмыстан шығарылуы заңсыз деп танылған. Алайда инспекцияның нұсқамасына қарамастан, ол қызметіне қайта алынбаған.

Әділдік іздеген ұстаз кейін Ордабасы аудандық сотына жүгінген. Алайда мұнда да әділетсіздікке тап болған.

Мәліметке сәйкес, 3 маусым күні сот оны сотқа бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартқан. Осылайша бес тәулікке әкімшілік қамау туралы шешім шығарған.

Осыдан кейін Ерімбетов шыдамай, өзінің іш

Бөлісу