ТҮРКІСТАН: Туризм саласына инвестиция тарту мәселесі талқыланды

0
67

Жауаптыларға тиісті тапсырмалар беріліп, ұсыныстар бақылауға алынды.


ТҮРКІСТАН: Туризм саласына инвестиция тарту мәселесі талқыланды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Бәйдібек қаған» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында туризм саласына да басымдық берілуде. Салаға инвестор тарту, өңірдегі тарихи және киелі орындарды жүйелеу, туристік соқпақтарды көбейту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Осы ретте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Бәйдібек қаған» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесті.


Кездесу барысында Бәйдібек ауданының туризм саласына инвестиция тарту, киелі орындар мен кесенелер маңын абаттандыру мәселесі қаралды. Сонымен бірге ауданда туристер мен зияратшылар үшін қонақүй салу, туристік инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Жауаптыларға тиісті тапсырмалар беріліп, ұсыныстар бақылауға алынды.


Айта кетейік, Түркістан облысында туризм саласында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Орналастыру орындарының, демалыс аймақтарының, сауықтыру кешендерінің саны артып, туристер легі көбейген. Биылғы жартыжылдықта орналастыру орындарында 151 мың турист демалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға жоғары. Сондай-ақ 2025 жылдың 8 ай қорытындысымен өңірдегі табиғи аумақтарға 123,2 мың адам келген, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,5%-ға жоғары. Бұдан бөлек, тарихи орындарға 736,3 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7 %-ға артып отыр. Аталған бағытта негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі биыл 36,9 млрд. теңгеге жетіп, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 36,4%-ға артқан.

Бөлісу