ТҮРКІСТАН: Шардарадағы маңызды жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр

0
89

Жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын жол құрылысына 483 миллион теңге қаржы қаралған.


ТҮРКІСТАН: Шардарадағы маңызды жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Шардара ауданындағы Жаушықұм мен Қалғансыр елді мекендерін байланыстыратын аудандық маңыздағы автомобиль жолының құрылысы қарқынды түрде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірде инфрақұрылымды жақсарту, сапалы жолдармен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Солардың бірі – Шардара ауданындағы Жаушықұм мен Қалғансыр елді мекендерін байланыстыратын аудандық маңыздағы автомобиль жолының құрылысы қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

Жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын жол құрылысына 483 миллион теңге қаржы қаралған. 2025 жылы жобаның алғашқы кезеңінде жолдың негізін дайындау жұмыстары жүргізіліп, су өткізгіш құрылғылар орнатылды, темір-бетон құбырлар төселіп, жер төсемі тегістелді. Өтпелі жоба ретінде 2026 жылға жоспарланған нысанда бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Қазіргі таңда мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес жүргізу үстінде. Жұмыстар 2 сәуірде басталып, мамыр айының соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев нысан басына арнайы барып, құрылыс барысымен танысып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Аталған жолдың іске қосылуы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін бермек.

Бөлісу