ТҮРКІСТАН: Саурандық отбасыға баспана кілті табысталды

0
69

Түлектер туған жерге деген жанашырлық танытып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыға қуаныш сыйлады.


ТҮРКІСТАН: Саурандық отбасыға баспана кілті табысталды

Сауран ауданында бір отбасыға баспана кілті табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сауран ауданы, Ибата елді мекенінде көпшілікке қуаныш сыйлаған тағылымды шара өтіп, бір отбасыға жаңа баспананың кілті табысталды. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады.

Аталған тұрғын үй Ибата елді мекенінің 1989 жылғы мектеп түлектерінің бастамасымен салынып, ел бірлігі мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісіне айналды. Түлектер туған жерге деген жанашырлық танытып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыға қуаныш сыйлады.

Шара барысында аудан әкімі игі іске ұйытқы болған азаматтарға ризашылығын білдіріп, арнайы Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, мұндай бастамалардың қоғамдағы ынтымақ пен ауызбіршілікті нығайтудағы маңызы ерекше екені атап өтілді.

Жаңа баспана барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіліп, отбасының жайлы өмір сүруіне қолайлы мүмкіндік жасалған. Қоныс иелері көрсетілген қолдау мен қамқорлық үшін шынайы алғыстарын жеткізді.

Бөлісу