ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

0
113

Қазіргі таңда әкімшілік ғимаратының жөндеу жұмыстары аяқталып, көрермендер отыратын аумақтың шатыры жабылған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

Сарыағаш аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты орталық стадионға мердігер “ВИБО-Строй” ЖШС тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай аудан әкімі Арман Абдуллаев жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Сапар барысында мердігерге бірқатар ескертулер айтылып, құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалану қажеттігі ескертілді. Қазіргі таңда әкімшілік ғимаратының жөндеу жұмыстары аяқталып, көрермендер отыратын аумақтың шатыры жабылған.

Сондай-ақ, аудан әкімі Шәмші гүлзары көшесінде орналасқан №3 көпқабатты жатақханаға жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Онда ғимарат аумағын әктеу-сырлау жұмыстары атқарылып, ортақ пайдалану орындарын ретке келтіру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

Бөлісу