Қазіргі таңда құрылыс алаңына 16 жұмысшы мен 2 арнайы техника жұмылдырылған.
Сарыағаш ауданының әкімі 200 орынды мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне қарасты Жонарық елді мекенінде бой көтеріп жатқан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс барысымен танысты. Нысанды аралау барысында аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп, мердігер мекемеге құрылысты белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды.
Қазіргі таңда құрылыс алаңына 16 жұмысшы мен 2 арнайы техника жұмылдырылған. Мердігер мекеме тарапынан ішкі сылақ жұмыстары, дәнекерлеу және орнату жұмыстары атқарылуда. Бұдан бөлек, нысанның шатырын жабу, ішкі әрлеу, еденге бетон құю және сантехникалық жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.


