ТҮРКІСТАН: Ордабасыдағы Жайылма ауылына табиғи газ берілді

0
115

Бүгінде ауылдағы 60 абонент көгілдір отынға қосылды.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыдағы Жайылма ауылына табиғи газ берілді

Төрткүл ауыл округіне қарасты Жайылма ауылы табиғи газбен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытында Төрткүл ауыл округіне қарасты Жайылма ауылы табиғи газбен қамтылып, тұрғындар көптен күткен игілікке қол жеткізді. Бүгінде ауылдағы 60 абонент көгілдір отынға қосылды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, мердігер мекеме – «Евро-Құрылыс» ЖШС өкілдері, ауыл ақсақалдар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында аудан басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, бұл бастама елді мекендердің тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі екенін атап өтті. Өз кезегінде ауыл тұрғындары қуаныштарын білдіріп, атқарылған жұмыстар үшін алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, Жайылма ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының нәтижесінде Ордабасы ауданындағы газдандыру деңгейі артып, қамту көрсеткіші 77,2 пайызға жетті.

Бөлісу