ТҮРКІСТАН: ​ОРДАБАСЫДА ҚОЛ КҮРЕСІНЕН БІРНЕШЕ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

0
46


ТҮРКІСТАН: ​ОРДАБАСЫДА ҚОЛ КҮРЕСІНЕН БІРНЕШЕ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ERNUR.KZ. Қол күресінен бірнеше дүркін әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбаев Ордабасы ауданындағы №455 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Танымал спортшы ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу - азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екенін атап өтті.


«Мен спортшы ретінде жарысқа әрдайым үлкен жауапкершілікпен қараймын. Жеңіс жолында тәртіп, еңбекқорлық пен дұрыс таңдау шешуші рөл атқарады. Бүгінгі сайлау да ел болашағына бейжай қарамайтын әр азамат үшін маңызды күн деп ойлаймын. Өз таңдауымды жасап, азаматтық міндетімді орындадым. Еліміздің болашағына сенім артамын. Жастарды ел тағдырына белсенді араласуға, қоғамдық өмірден шет қалмауға шақырамын. Сайлау мәдениеті қалыптасқан қоғамда әр азамат өз таңдауын саналы түрде жасап, ел дамуына өзіндік үлесін қосуы қажет. Сондай-ақ, бүгінгі саяси науқан халықтың пікірін ескеріп, ел болашағына қатысты маңызды бастамалардың жүзеге асуына жол ашатынына сенімім зор» - деді спортшы.

Айта кетейік, Ордабасы ауданында 53 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Аудан бойынша 74 275 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.