Түркістан облысының командасы республикалық турнирде жеңіске жетті

0
380

Ауқымды спорттық додаға еліміздің 16 өңірінен командалар қатысып, өзара бақ сынасты.


Түркістан облысының командасы республикалық турнирде жеңіске жетті

Астанада өткен республикалық турнирде Түркістан облысы жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Астана қаласында 16-20 сәуір күндері Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ұйымдастыруымен коммуналдық сала қызметкерлері арасында футзалдан «Қазақстанның коммуналдық қызметкерлері кубогі – 2026» республикалық турнирі өтті.

Ауқымды спорттық додаға еліміздің 16 өңірінен командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысты өткен кездесулер қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсеткен Түркістан облысының құрамасы жеңімпаз атанып, жүлделі І орынды иеленді.

Аталған турнир коммуналдық сала қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ өңіраралық әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды спорттық алаң болды.

Бөлісу