Түркістан облысының әкімі зиялы қауыммен кездесті

0
102

Аймақтың даму бағыттары сөз болды.


Түркістан облысының әкімі зиялы қауыммен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен зиялы қауыммен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістандағы «Киіз үй» кешенінде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен зиялы қауыммен кездесу өтті. Мәжілісте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бірқатар маңызды салаларды жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды. Жиын барысында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитінің қорытындылары сараланып, аймақтың даму бағыттары сөз болды.

Атап айтқанда, саммит нәтижелері бойынша облыс әкімі Нұралхан Көшеров баяндама жасап, өңірдің алдағы жоспарлары мен негізгі басымдықтарына тоқталды. Сондай-ақ, филология (журналистика)ғылымдарының докторы,

«Құрмет» орденінің иегері Сейдулла Садықов саммиттің тарихи маңызы туралы пікір білдірді.

Жиында мал шаруашылығын дамыту және мақта саласының қазіргі ахуалы, жиһаз өндірісін өркендету және жеке индустриялық аймақтардың әлеуетін арттыру мәселелері де қаралды. Сала өкілдері өз ұсыныстарын айтып, өңір экономикасын дамытуға бағытталған бастамаларын таныстырды.

Мәжіліс қорытындысында жауапты басқармалар мен сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, көтерілген мәселелер бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды.

Бөлісу