Түркістан облысының әкімі тұрғындардың мәселелерін тыңдады

0
56

Әрбір өтініш пен ұсыныс назардан тыс қалмайтынын айтты. Өтініштердің орындалуы өңір басшысының бақылауында болады.


Түркістан облысының әкімі тұрғындардың мәселелерін тыңдады

Түркістан облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс тұрғындарын кезекті рет жеке қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар инфрақұрылым, жер, ауыл шаруашылығы және мәдениет салаларына қатысты өтініштерін жеткізіп, ұсыныстарын айтты.

Түркістан қаласының тұрғыны облыс орталығына кіреберістегі көпірдің жобасын таныстырды. Тағы бір азамат Түркістан облыстық қуыршақ театрын ашу туралы ұсынысын айтты. Сонымен қатар жеке қабылдауда каналдың ішкі жүйесін жөндеу, заңсыз құрылысты бұзу, жер пайдалану құқығы мен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және ауыз су мәселелері де көтерілді.

Нұралхан Көшеров жауапты сала басшыларына көтерілген мәселелерді жіті зерделеп, заң талаптарына сәйкес шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Әрбір өтініш пен ұсыныс назардан тыс қалмайтынын айтты. Өтініштердің орындалуы өңір басшысының бақылауында болады.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі мен оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жеке қабылдау өткізуде. Жеке қабылдауға еӨтініш бірыңғай базасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазылуға болады.

Бөлісу