Түркістан облысында жылыту маусымы сәтті аяқталды

0
81

2025-2026 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында авариялардың алдын алу және газ қысымын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылды.


Түркістан облысында жылыту маусымы сәтті аяқталды

Түркістан облысында жылыту маусымы сәтті аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімдігі және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын уақтылы әрі толық көлемде орындады. Кәсіпорын нысандарының жылыту маусымына дайындығы аясында регламенттік жұмыстар, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда, 461 газ реттеу пунктіне (БГРП, ГРП), 97 125 шкафтық газ реттеу пунктіне (ШРП, ШГРП), сондай-ақ 56 электрхимиялық қорғау құралдарына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, барлық көрсеткіштер 100% орындалды. Сонымен қатар ажыратқыш құрылғыларға қызмет көрсету және газ тарату желілеріне диагностикалық жұмыстар жүргізілді.

Жылыту маусымы кезеңінде газбен жабдықтау жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар кешені жүзеге асырылды. Атап айтқанда, барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен, қажетті материалдармен және арнайы жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Газ-техникалық инспекциясымен бірлесіп, халық арасында тұрмыстағы газды қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді. «Пергам» ДЛС жылжымалы зертханасын пайдалана отырып, газ тарату желілеріне 1 445 шақырым диагностикалық тексеру жүргізілді.

2025-2026 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында авариялардың алдын алу және газ қысымын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылды. Нақтырақ айтқанда, 23 сүзгі тазартылып, 1 154 сүзгі элементі ауыстырылды. Газ құбырларының аркалық өткелдерінде 86 рет қайта монтаждау жұмыстары жер астына көшіру немесе биіктігін арттыру арқылы жүргізілді. Сонымен қатар аркалық өткелдерге жарық шағылыстырғыш бояу жағу және биіктік шектеу белгілерін орнату бойынша 271 іс-шара орындалып, төмен қысымды газ құбырларын сақиналау 23 жағдайда жүзеге асырылды. Одан бөлек, төмен қысымды газ құбырларын сақиналаумен 10 қосымша ШГРП орнатылып, қолданыстағы 9 газ құбырының диаметрі ұлғайтылды.

Авариялық-диспетчерлік қызметтің жұмысы ерекше назарға алынды. 2025 жылдың 1 қазаннан 2026 жылының сәуір айына дейін жылыту маусымы кезеңінде қызметке тұтынушылардан 7266 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, белгіленген мерзімде орындалды. Бұл газдың үздіксіз әрі қауіпсіз берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Газбен жабдықтауды дамыту аясында 2025 жылдан 2026 жылдың сәуір айына дейін 70 елді мекенге газ беру қамтамасыз етіліп, 23 711 тұтынушыға табиғи газды пайдалануға мүмкіндік берілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Түркістан облысында 2025-2026 жылғы күзгі-қысқы жылыту маусымы тұрақты режимде өтіп, тұтынушылар газбен үздіксіз әрі қауіпсіз қамтамасыз етілді.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы алдағы уақытта да газбен жабдықтау сенімділігін арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Бөлісу