Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты түрде жалғасып келеді

0
99

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, әлеуметтік қолдау, жер қатынастары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты мәселелерді көтерді.


Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты түрде жалғасып келеді

Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Осы орайда Азаматтарды қабылдау орталығында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңір тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, әлеуметтік қолдау, жер қатынастары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты мәселелерді көтерді.

Түркістан қаласының тұрғыны тұрғын үйін кепілдіктен босату мәселесі бойынша өтініш білдірсе, тағы бір қала тұрғыны әлеуметтік көмек көрсету жөнінде өтініш айтты. Сауран ауданынан келген бір топ азамат су қоймасын салу, суағар құрылысы және ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несие алуға қатысты мәселелерді көтерді. Одан бөлек, жеке қабылдауға келген азаматтар кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер телімдерін алуды қарастыруды сұрады.

Қабылдау барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыс әкімінің орынбасары жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар беріп, орындалу барысын бақылауына алды. Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты.

Түркістан облысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, оларды заң аясында шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Айта кетейік, облыс әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Бөлісу