Түркістан облысында мектеп оқушысы жас жігітті өлтірді деген күдікке ілінді

0
58

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.


Түркістан облысында мектеп оқушысы жас жігітті өлтірді деген күдікке ілінді

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Түркістан облысындағы Ленгір қаласында қараусыз қалған ғимараттан 21 жастағы жігіттің пышақ жарақаты бар мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен мектеп оқушысы ұсталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Almaty.tv арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, тоғызыншы сынып оқушысы қазірдің өзінде қолға түскен. Жастардың арасында нақты не болғаны және қайғылы жағдайға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаменті.

Еске салайық, бұған дейін Ресейде ауыр қылмыс жасаған азамат 14 жылдан кейін Ақтау әуежайында ұсталғаны туралы жаздық.