Түркістан облысы туризм бағытында қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі

0
70

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы орналастыру орындарында демалғандар саны 347,6 мың адамға жетті


Түркістан облысы туризм бағытында қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі

Түркістан облысы бүгінде еліміздің туризм саласында қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің біріне айналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді экономиканың жаңа драйвері ретінде дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осы бағытта облыс әкімі Нұралхан Көшеров жетекшілігімен жүйелі жұмыстар атқарылып, өңірдің туристік әлеуеті жаңа деңгейге көтерілуде.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы орналастыру орындарында демалғандар саны 347,6 мың адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға артты. Ал тарихи-мәдени нысандарға келушілер саны 1 миллион адамнан асып, 13 пайыздық өсім көрсетті. Сонымен қатар табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 151,9 мың адамға жетіп, экотуризмге деген қызығушылықтың артқанын дәлелдеді.

Киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен тарихи орындар, табиғи аймақтар және жаңа туристік жобалар Түркістан облысын халықаралық деңгейдегі тартымды туристік орталыққа айналдыруда. Бүгінде өңір туризм арқылы экономиканы әртараптандырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, ел дамуына серпін беріп келеді.

Бөлісу