Түркістан облысы тұрғындарының өзекті мәселелері тыңдалды

0
125

Әрбір өтініш заң талаптарына сәйкес қаралып, кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.


Түркістан облысы тұрғындарының өзекті мәселелері тыңдалды

Түркістан қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдауға азаматтар Түркістан, Арыс, Кентау қалалары мен Ордабасы ауданынан келді. Олардың басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық қызмет сапасы, инфрақұрылымды дамыту бағыттарындағы өзекті мәселелерді көтерді.

Азаматтар тарапынан тұрғын үй кезегі, баспана алу мүмкіндіктері, жеке зауытты электрмен жабдықтау, тұрғын үй аулаларының жай-күйі, шетелде ем алуға көмек көрсету, көпірді ретке келтіру және басқа да коммуналдық түйіткілдер бойынша өтініштер мен ұсыныстар айтылды. Бірқатар мәселелер бойынша жедел шешімдер қабылданып, қалған өтініштер тиісті органдардың қарауына жолданды.

Қабылдау барысында Зұлпыхар Жолдасов азаматтардың өтініштері тұрақты бақылауда болатынын атап өтті. Әрбір өтініш заң талаптарына сәйкес қаралып, кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті салалық басқармалар мен жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Бөлісу