Түркістан облысы – Қазақстандағы туу көрсеткіші ең жоғары өңір

0
102

Жыл басынан бері Қазақстанда 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келген.


Түркістан облысы – Қазақстандағы туу көрсеткіші ең жоғары өңір

Түркістан облысы көпұрықты босану саны жағынан да көш бастап тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жыл басынан бері Қазақстанда 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келген.

Қазақстанның Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша ғана емес, көпұрықты босану саны жағынан да көш бастап тұр.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес, егіз туған жағдайлар ең көп тіркелген өңірлер:

• Түркістан облысы – 263 жағдай;

• Алматы – 245 жағдай;

• Алматы облысы – 175 жағдай.

Үшемдердің дүниеге келуі бойынша да Түркістан облысы алдыңғы қатарда.

Алайда бұл көрсеткіште бірінші орынды үш өңір бөлісіп отыр:

• Түркістан облысы;

• Атырау облысы;

• Шымкент.

Аталған өңірлердің әрқайсында жыл басынан бері 3 реттен үшем туғаны тіркелген.

Сонымен қатар, биыл елімізде төртемнің дүниеге келу жағдайы тіркелмеген.

Жалпы туу көрсеткіші бойынша да Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде әр мың тұрғынға шаққанда 19,75 нәрестеден келеді. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш.

Бөлісу