Түркістан облысы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

0
68

Аппараттың жаңа басшысы облысты дамыту бағытында бар күш-жігерін салатынын, мемлекеттік қызметтегі жинаған тәжірибесі мен білімін ел мүддесі жолында жұмсайтынын жеткізді.


Түркістан облысы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Файзулла Байдуллаев тағайындалды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірді дамыту бағытындағы жоспарлар мен міндеттерге тоқталып, тағайындалған аппарат басшысына жаңа міндеттер жүктеді. Қызметіне сәттілік тіледі.

Аппараттың жаңа басшысы облысты дамыту бағытында бар күш-жігерін салатынын, мемлекеттік қызметтегі жинаған тәжірибесі мен білімін ел мүддесі жолында жұмсайтынын жеткізді. Сенім артқан облыс әкіміне алғысын білдірді.

Файзулла Байдуллаев 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Экономист» мамандығы бойынша және Шымкент университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2005 жылы банк саласында сектор маманы қызметінен бастап, жетекші маман, бас маман және басшылық лауазымға дейін көтерілген.

2016-2019 жылдар аралығында «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары лауазымында қызмет етті.

2019-2022 жылдары «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры болды.

2022-2025 жылдары «Түркістан» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымында қызмет етті.

2025 жылдан бастап қазірге дейін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Бөлісу