Өскеменде екі қабатты ғимараттың жертөлесі өртенді

0
39

Төтенше оқиға Металлургтер көшесінде орналасқан нысанда тіркелген.


Өскеменде екі қабатты ғимараттың жертөлесі өртенді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында екі қабатты ғимараттың цокольдық қабатынан өрт шықты. Төтенше оқиға Металлургтер көшесінде орналасқан нысанда тіркелген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жеткен. Барлау барысында техникалық қабатта қызметкерлердің жеке заттары 3 шаршы метр аумақта жанып жатқаны анықталды.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтар мен мекеме қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.