Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңір тұрғындарын жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңір тұрғындарын жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар жер телімдерін заңдастыру, олардың нысаналы мақсатын өзгерту және өзге де өзекті мәселелерді көтерді.
Қанат Қайыпбек азаматтардың әрбір өтініші назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Тұрғындардың мәселесін дер кезінде әрі заң аясында шешу керек екенін айтты. Жауапты басқармаларға аталған мәселелерді жан-жақты зерделеп, әрбір мәселе бойынша заң талаптарына сәйкес шешім қабылдауды міндеттеді. Сондай-ақ азаматтарға уақтылы кері байланыс беру және түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.
Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі және оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес жеке қабылдау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Жеке қабылдауға eOtinish бірыңғай базасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазылуға болады.


