ТҮРКІСТАН: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолындағы жөндеу жұмыстары жуырда аяқталады

0
112

Ендігі кезекте жол белгілерін сызу жұмыстары жүргізілетін болады.


ТҮРКІСТАН: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолындағы жөндеу жұмыстары жуырда аяқталады

Түркістан қаласы аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 3,0 шақырым учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жоба аясында ескі асфальт жабындысы толықтай алынып, оның орнына заманауи талаптарға сәйкес қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон жабыны төселуде.

Қазіргі уақытта нысанның екі бағыттағы жүріс жолағында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ендігі кезекте жол белгілерін сызу жұмыстары жүргізілетін болады.

Жоба толық сәуір айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші мен техникалық қадағалаушы ұйымдар тарапынан тұрақты бақылауда.

Бөлісу