Заманауи талаптарға сай салынған
Бадам ауыл округінде екі бірдей балалар ойын алаңшасы салтанатты түрде ел игілігіне тапсырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ордабасы ауданында тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында балалар ойын алаңшалары мен спорт нысандарының құрылысы қарқынды жүргізіліп, кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде.
Бадам ауыл округіне қарасты Ақбұлақ ауылында заманауи талаптарға сай салынған екі бірдей балалар ойын алаңшасы салтанатты түрде ел игілігіне тапсырылды.
Ашылу рәсіміне ауыл әкімі Нұрлан Байбахов, ауыл ақсақалдары, тұрғындар және қоғам белсенділері қатысып, жаңа нысандардың лентасын қиып, ауыл балаларының қуанышына ортақтасты.
Аталған балалар алаңшаларының құрылысы 2025 жылдың соңында бастау алып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы аудандық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Бүгінде пайдалануға берілген нысандар бүлдіршіндердің қауіпсіз әрі сапалы демалысын қамтамасыз етіп, олардың спортпен шұғылданып, бос уақытын тиімді өткізуіне мол мүмкіндік жасауда.
Айта кету керек, бұған дейін Бадам ауыл округіне қарасты Дербес ауылында да балалар ойын алаңшасы мен ашық футбол алаңы пайдалануға берілген болатын.


