ТҮРКІСТАН: Азия чемпионатының жүлдегері Айдар Арапов елге оралды

0
106

Түркістан халықаралық әуежайынан спорт саласының өкілдері, туған-туыстары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды.


ТҮРКІСТАН: Азия чемпионатының жүлдегері Айдар Арапов елге оралды

Азия чемпионатының жүлдегері Айдар Арапов елге оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қытайдың Ордос қаласында 16-19 сәуір аралығында өткен дзюдодан ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен түркістандық Айдар Арапов (-90 кг) жоғары деңгейде күресіп, қола жүлдені иеленді.

Халықаралық бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, жүлдемен оралған спортшыны Түркістан халықаралық әуежайынан спорт саласының өкілдері, туған-туыстары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды.

Қарсы алу рәсімінде Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров пен облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті Рауан Назымханов құттықтау сөз сөйлеп, Айдар Араповтың жетістігі өңір спорты үшін маңызды екенін атап өтті. Олар спортшыға алдағы жарыстарда да табыс тілеп, әсіресе болашақ Азия ойындарында бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

Бөлісу