ТҮРКІСТАН: Әлем чемпионы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

0
608

Халықты тазалыққа баса мән беруге шақырды.


ТҮРКІСТАН: Әлем чемпионы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бокстан Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов «Таза Қазақстан» акциясына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында көшет егіп, халықты тазалыққа баса мән беруге шақырды.


«Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Барша Түркістан облысының, Сайрам ауданының тұрғындарын осы акцияға белсенді қатысуға шақырамын. Еліміздің гүлденуіне, көркеюіне бәріміз бірге атсалысайық!», – деді Дархан Сатыбалды.


Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі, Әйтеке би ауылының орталық көшесінің бойы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға елді мекен тұрғындары, спортшылар, қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері және жастар қатысты. Жалпы саны 8 техника мен 500-ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық акциясында 2500 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 120 тонна ретсіз күл-қоқыстан тазартылды.


Сондай-ақ санитарлық тазалық пен көріктендіру бойынша көше бойлары тазаланып, скверлер аумағында ағаштар әктелініп, шөп ору жұмыстары жүргізілді.