Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының туристік инфрақұрылымымен танысты

0
89

Өңір басшысы Түркістанның туристік әлеуетін арттыруда заманауи экскурсиялық қызметтердің маңызы зор екенін атап өтті.


Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының туристік инфрақұрылымымен танысты

Нұралхан Көшеров Түркістан қаласын автобуспен аралап, туристік инфрақұрылымымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында жуырда іске қосылған экскурсиялық автобусымен шаһарды аралап, туристік бағыттар мен қызмет көрсету сапасымен танысты.

Экскурсия барысында облыс әкімі қаладағы негізгі тарихи-мәдени және туристік нысандарды қамтитын маршруттың мүмкіндіктерін көріп, тұрғындар мен қонақтарға ұсынылатын сервистік қызметтердің деңгейіне назар аударды. Сондай-ақ жауапты сала басшыларымен бірге туристік инфрақұрылымды жетілдіру, сервисті дамыту және келушілерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Өңір басшысы Түркістанның туристік әлеуетін арттыруда заманауи экскурсиялық қызметтердің маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жобалар қаланың тартымдылығын арттырып, туристердің өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік,«Red Bus Turkistan» экскурсиялық автобусы туристерге қаланың көрікті орындарын жайлы жағдайда аралап, аудиогид арқылы Түркістанның тарихы мен мәдениеті жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Бөлісу