Нұралхан Көшеров «Қазқайтажаңарту» мекемесінің басшысымен кездесті

0
44

Облыс әкімі тарихи ескерткіштерді қорғау, туризмді дамыту маңызды іс екеніне тоқталды.


Нұралхан Көшеров «Қазқайтажаңарту» мекемесінің басшысымен кездесті

Түркістан облысының әкімі «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Олжас Шарияздановпен және аталған кәсіпорынның Тараз филиалының директоры Нуртулла Бекбергеновпен кездесті. Кездесу барысында Сауран қалашығы аумағында орналасқан қос мұнара жобасы талқыланды. Тарихи мұнараларды дәл сол заманғы технологиямен қайта қалпына келтіру мәселесі көтерілді.

Облыс әкімі тарихи ескерткіштерді қорғау, туризмді дамыту маңызды іс екеніне тоқталды.

– Түркістан – киелі орындар мен тарихи ескерткіштерге бай өлке.Осы мұраны ұтымды пайдалану, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау және туризм саласын дамыту – бізге жүктелген маңызды міндеттердің бірі.Осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу үшін Түркістан облысынан бірқатар көне қалашықтар ұсынылды. Атап айтқанда, Күлтөбе, Отырар және Сауран қалашықтары халықаралық деңгейде танылып отыр.Бұл бастама өңірдің тарихи маңызын арттырып қана қоймай, туристік әлеуетін дежаңа деңгейге көтереді, – деді Нұралхан Көшеров.

«Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Олжас Шариязданов Сауран қалашығы мен осы аумақтағы тербелмелі қос мұнараға байланысты ұсыныстарын жеткізді.

Дәлірек айтсақ, нысанды ғылыми және тарихи негізде қалпына келтіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыстар Сауран қалашығының тарихи-мәдени құндылығын арттырып қана қоймай, оның туристік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сонымен қатар тарихи ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету, оларды қорғау талаптарын қатаң сақтау қажеттігі де айтылды.

Кездесу барысында қос тарап жобаларды жан-жақты зерделеу жөнінде уағдаласты.

Бөлісу