Орташа есеппен адамдардың бір күнінің 52 минуты өсек айтуға кетеді екен.
Адам өміріндегі қарым-қатынастың жартысы өзгелерді, олардың іс-әрекетін талқылаумен өтеді екен. Яғни, бос өсек сөздер. Зерттеу бойынша әйелдердің әңгімелерінің 67 пайызы, ал ер азаматтардың 55 пайыз сөзі өсектен тұрады екен.
Өсек дегенді өте жаман және қандай да бір зұлым ойы бар жандар айтады деп ойлаймыз. Алайда, мұндай бос әңгімеден алып бара жатқан ешбір қорқыныш жоқ. Тіпті өсектің кейде пайдасы да бар, егер ережесін сақтай алсаңыз.
Неге өсек айту жаман емес
Біріншіден, кейбір зерттеулер бойынша орташа есеппен адамдардың бір күнінің 52 минуты өсек айтуға кетеді екен. Екіншіден, мұндай бос әңгіменің үштен екісінің жаман, зұлым пиғылдағы мәні болмаған. Адамдар жай ғана танитын, танымайтын жандарды талқылаған. Ол әңгімені тыңдаған үшінші жандар жалығып кеткен, мүлде ашуланбаған. Сондықтан өсек айтқан адамды жаман және көре алмайды деу әрдайым шындыққа жанаса бермейді.
Зерттеуді жүргізген автор өсек дегеннің өзі жоқ адамдар туралы айтылатын жай ғана әңгіме екенін айтады. Сондықтан біздің әрбіріміз "өсекші" болуымыз мүмкін.
Біз неге өсек айтамыз және мұның қандай пайдасы бар?
Өсек – өмір сүрудің ежелгі механизімі
Ертеректе адамдар бір-бірінсіз өмір сүре алмаған және көпшіліктің арасында болуға көп адамның қолы жете бермейтін болған. Сол көпшілік арасынан шығып қалмау үшін әрқайсысымен белсенді әңгіме ету керек болған. Ал өсек сөз байланысты сақтауға, ерекше әңгіме орнатуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге ешқандай ақпарат құралдары, телефон, теледидар, ғаламтор жоқ уақытта маңызды ақпаратты таратудың жалғыз жолы әңгіме айту болған. Әрине қазір бар хабар әңгіме айтпай жатып жылдам тарайды. Дегенмен күніне жоқ дегенде 5 минут әріптесті, бастықты, абысын, көрші, ата-енені өзгемен әңгіме етуге уақыт табылып жатады.
Өсектің жағымды жағы
Кейде біз тамыр-таныс немесе атақты адамдар туралы шулы мәлімет, ақпараттарды естігенде ми белсенді бола түседі, одан кішкене болсын өзімізге рахат аламыз.
Өсек – сабақ алу тәсілі
Көбіне жаңа ортаға түскенде кімнің-кім екенін ажыратпаймыз. Ондайда сол жердегілердің бір-бірі туралы айтқан өсегі көмекке келеді. Әрине ол әңгімелер шындықтан біршама алшақ болуы мүмкін, дегенмен міндетті түрде көмегі болады.
Өсек – іштегіні шығаруға мүмкіндік береді
Ғалымдар адамдарды екіге бөліп, бірінші бөлігіне тек жаңалықтарды тыңдатып, екінші бөлігіне сол жаңалықтарды бір-біріне айтып талқылауға мүмкіндік берген. Тек тыңдағандарға қарағанда әңгіме айтқандардың жүрек соғысы бірқалыпты, өздері сабырлы болған. Ендеше өсек – адам жанын тыныштандыратын әсрге ие.
Өсекті қалай дұрыс айту керек
Әрине жоғарыда айтылғанның бәрі керемет. Дегенмен ол әрдайым зиянсыз емес. Өсек – беделіңізді түсіріп, қарым-қатынасыңызды бұзып, біршама жүйке жұқартуға да әсер етуі мүмкін. Сондықтан оны дұрыстап айта білу керек.
- Әңгімелескен жанға ол жеке танымайтын адам туралы айтыңыз, болмаса танымал адамдар туралы айта беріңіз. Одан екеуіңізге де келіп кетер зиян болмайды. Үй ішіңізді танымайтын әріптесіңізге күйеуіңіздің отбасындағы жандар туралы айтсаңыз да болады. Ол бәрібір ешкімді танымайды, біреуге айтса да сізге тимейді.
- Ешкімнің құпиясын, өзіңізге айтылған сырды ашпаңыз. Егер сізге сеніп жеке және құпия ақпарат айтса, оны әңгіме етпеңіз. Бұл айтқан адамның өмірін құртады немесе оған кесірі тиеді, ал сізге деген сенім жоғалады. Тек сыр айтқан адам ғана емес, оны сізден естігендер де сіздің сенімсіз адам көретін болады.
- Өтірік айтпаңыз. Өзге жанның іс-әрекетін әңгіме ету – қалыпты жағдай. Тек ол туралы бір-екі жалған оқиға қосып жіберу дұрыс емес.
- Айтқан сөзіңізді сыпайы жеткізіңіз. Ең дұрысы бейтарап сөз таңдаңыз, айыптау, дөрекі сөздерден аулақ болыңыз.
- 10 рет қайта ойланыңыз. Біреуді әңгіме етпес бұрын жақсылап ойланыңыз. Айтқан әңгімеңіз ешкімнің беделіне нұсқан келтірмесін және өзіңізге де кесірі тимесін.
Дайындаған: Э.Базарбаева,