Алматыда сирек кездесетін спорткарды ағаш басып қалды

0
136

Ағаш көліктің алды мен төбесіне түскен.


Алматыда сирек кездесетін спорткарды ағаш басып қалды

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Кеше Алматыда жаңбыр жауып, жел соқты. Қолайсыз ауа райы төтенше жағдайға әкеліп, тұрақта тұрған электрспорткардың үстіне ағаш құлап кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ағаш көліктің алды мен төбесіне түскен. Автокөлік айтарлықтай зақымданды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

HiPhi - Қытайдың премиум бренді, оның үлгілері футуристік дизайн және шектеулі шығарылымымен ерекшеленеді.

Алматыда мұндай көліктер өте сирек, сондықтан оқиға қала тұрғындарының ерекше назарын аударды.

"HiPhi, бұл көлікті өндірістен алып тастаған, иесіне қосалқы бөлшектер табу қиын болады, жаным ашып тұр", "Бұл компания банкротқа ұшырады, енді қосалқы бөлшектер таба алмайды", "Бұл менің көшем, бүгін таңертең көрдім. Көліктің қожайынына обал-ақ".

Қазір иесі шығынды бағалау және жөндеу жұмыстарымен айналыспақ. Модельдің бірегейлігі мен қосалқы бөлшектердің шектеулі болуына байланысты жөндеу айтарлықтай қымбатқа түсуі мүмкін.