Еркектің ОСЫ СӨЗДЕРІ әйелге ауыр тиеді

0
415

Қарым-қатынасты, отбасын бұзу өте оңай, сондықтан айтылған сөздің себебін білу маңызды.


Еркектің ОСЫ СӨЗДЕРІ әйелге ауыр тиеді

Ерлі-зайыптылардың бір-бірімен қалай сөйлескені көп нәрсені байқатады. Ер азаматтың кейбір сөздері әйелді бақытсыз етеді. Мұндай ер азаматпен тұрған әйел қамқорлық, қолдау және қауіпсіздік туралы ұмытады.


"Сені бақылауда ұстауға құқым бар"

Әйелін жеке меншігі санайтын ер азаматпен өмір сүру қиын. Ондай еркектер үшін әйелінің әр басқан қадамына есеп сұрау, психологиялық қысым және әрекеттеріне шектеу жасау қалыпты, әдеттегі нәрсе болып саналады.


"Сені жақсы көрмеймін"

Адамды жақсы көруге мәжбүрлеу мүмкін емес. Бір-біріңізді жақсы көріп отбасын құрғанменен, кейде ол ары қарай жалындамай, сөніп жатады. Егер еркек әйеліне «сені жақсы көрмеймін» десе, онда ол қарым-қатынасқа нүкте қойғысы келгені. Бопсалап, үгіттеп, жалынып, баламен ұстап қалам деп босқа уақыт өткізбеңіз. Ер азаматты мұндай жолмен ары кетсе 10 жыл бірге тұра алады. Бірақ сол уақыттың бәрі босқа кетуі мүмкін. Сондай-ақ өзіңізді жақсы көрмейтін адаммен өмір сүру күйзеліске түсіреді. Үнемі күйзеліп, толқып жүру жадты жоғалтады.


"Тек балалар үшін біргеміз"

Жолдасыңның жақсы көрмеуіне төзуге, бір күндері махаббатына ие болармын деген үмітпен шыдауға болады. Ал егер еркек ашық түрде балалар үшін бірге жүрміз десе, онда әйелге ойлануға тура келеді. Баласы бар әйелдердің көпшілігі балаларым әкесіз өспесін деп отбасындағы бар жағдайға шыдап жүре береді. Алайда үнемі еңсесі түсіп, ұрыс-керістен шаршаған, қалжыраған әйелден гөрі, бақытты, жүйкесі тыныш әйелдің балаларына берері өте көп.


"Сен менсіз ешкім емессің"

Бұл ерлі-зайыптылар арасында жиі кездесетін манипуляция жасаудың бір түрі. Осылайша ер адам әйелін құнсыз етеді. Сізді төмендеткен адамға махаббатыңызды арнамағаныңыз дұрыс.


"Осы да проблема ма?"

Жолдасыңыз сіздің мәселеңізді бағаламаса немесе ол туралы мүлде естігісі келмесе, онда мұндай қарым-қатынастан қашқан жөн. Себебі ер-азамат әйелінен көп нәрсе талап етіп, есесіне өзі ешқандай қамқорлық көрсетпейді.


"Сен үнемі қателесесің"

«Менің айтқаным әрдайым тура, ал сен үнемі қателесесің», деп жиі айтатын еркек, әйелін төмендетіп, әрі оны бақылауда ұстағысы келеді. Маңызды шешім қабылдайтын кезде «ол не біледі» деп әйелімен мүлде ақылдаспайды. Бәрін өзі шешеді.


"Енді ешқашан ұрмаймын"

Бір рет ұрып, қайталамаймын деп қайта ұрса, онда ол әдетін қоюы екіталай. Сондай-ақ мұндай жағдайға куә болған балалардың психикасы өзгереді.

Қарым-қатынасты, отбасын бұзу өте оңай, сондықтан айтылған сөздің себебін білу маңызды. Барлық мәселеде кінә екі жақтан да болады. Бірақ, кім қаншалықты кінәлі болса да бұл оны қорлауға себеп емес.


Дайындаған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ.