​НУМЕРОЛОГИЯ БОЙЫНША: Байлық саған қай жаста келеді?

0
204


​НУМЕРОЛОГИЯ БОЙЫНША: Байлық саған қай жаста келеді?

Сурет: ЖИ

Нумерологияда әр сан адамның мінезімен, өмірлік ұстанымымен, қабілетімен және қаржылық мүмкіндіктерімен байланыстырылады. Туған күндегі сандарды пайдаланып, «Байлық маған қай жаста келеді?» деген сұраққа жауап алуға болады. Бұл әдіс адамның туған күні арқылы символдық санын анықтап, қаржылық табысқа қолайлы деп саналатын жас кезеңін болжайды.


1-қадам. Тағдыр саныңды есепте

Туған күніңдегі барлық сандарды бір-біріне қос. Нәтиже бір таңбалы сан болғанша қосуды жалғастыр. Мысалы, 15.08.1992: 1 + 5 + 0 + 8 + 1 + 9 + 9 + 2 = 35; 3 + 5 = 8. Демек, нумерологиялық саның – 8.


2-қадам. Сандарыңа сәйкес байлық келетін жасты анықта

1 саны – 25 жас

Мол табысқа жету мүмкіндігі көшбасшылық пен жеке кәсіп арқылы беріледі. Біреудің жетегінде жүргеннен гөрі, өз жолыңды салуға бейімсің. Өз бетіңше шешім қабылдау, өзгелерге бағыт көрсету жауапкершілігін лайықты арқала.

25 жас – өз қабілетіңді танытып, қаржылық тәуелсіздікке алғашқы қадам жасайтын кезең. Бұл уақытта жеке кәсіп бастауға, жаңа жобаларға кірісуге немесе өз идеяңды жүзеге асыруға деген құлшынысың артуы мүмкін.

Сен үшін байлықтың кілті – батылдық, бастамашылдық және жауапкершілік. Тәуекелге барудан қорықпа, бірақ әр шешімді мұқият ойластыруды ұмытпа.

Басты ұстанымың: «Мен өз өмірімнің бағытын өзім таңдаймын!»


2 саны – 28 жас

Сен үшін адамдармен қарым-қатынас орнату – үлкен мүмкіндік. Адамдарды түсіне білесің, келісімге келуге, ортақ шешім табуға бейімсің.

28 жас шамасы серіктестік арқылы жаңа мүмкіндіктер ашылатын кезең ретінде сипатталады. Осы уақытта пайдалы таныстықтар, бірлескен жобалар, ортақ бизнес немесе кәсіби байланыстар қаржылық дамуыңа ықпал етуі мүмкін.

Сенің табысың тек жеке еңбегіңе емес, айналаңдағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білуіңе де байланысты. Дегенмен кез келген серіктестікке сеніммен қатар, нақты келісім мен есеп қажет.

Басты ұстанымың: «Жақсы адамдармен біріккенде, үлкен жетістікке жетуге болады!»


3 саны – 27 жас

Сенің басты артықшылығың – шығармашылық ойлау, қиялдың ұшқырлығы және жаңа идеяларды оңай таба білу. Бірсарынды жұмыстан гөрі, өзіңді көрсетуге мүмкіндік беретін салаларға жақынсың. Осы қабілеттер арқылы тапқан табыс тұрақтап қалады.

27 жас – талантыңды табыс көзіне айналдыруға қолайлы кезең. Өнер, дизайн, сұлулық индустриясы, әлеуметтік желі, блог жүргізу, жарнама, білім беру немесе шығармашылық жобалар саған жаңа мүмкіндіктер сыйлауы мүмкін. Кейде көп нәрсені бастап, соңына дейін жеткізбей қоятының бар. Идеяларыңды нақты жоспарға айналдырып, тұрақты әрекет ету маңызды.

Басты ұстанымың: «Менің идеям – менің табысымның бастауы!»


4 саны – 32 жас

Сабырлы, жауапкершілігі жоғары және мақсатқа жүйелі түрде ұмтылатын адам ретінде сипатталасың. Жеңіл табыстан гөрі, маңдай термен келген жетістікті бағалайсың. Саған байлық бір күнде келмейді. Ол – жылдар бойы жинақталған тәжірибе, тәртіп және табандылықтың нәтижесі.

32 жас – бұрынғы еңбегіңнің нәтижесін көріп, қаржылық жағдайыңды нығайту кезеңі. Бұл уақытта тұрақты қызмет, жеке кәсіп, жылжымайтын мүлік, ұзақ мерзімді инвестициялық жоспарлар мен жинақ қалыптастыруға көңіл бөлу пайдалы болуы мүмкін.

Басты ұстанымың: «Тұрақты еңбек – үлкен жетістіктің негізі!»


5 саны – 30 жас

Жаңашылдықты жақсы көресің, өзгерістен қорықпайсың және өмірден қызықты мүмкіндіктер іздейсің. Бір орында ұзақ отыру саған қиын болуы мүмкін. Жаңа адамдармен танысу, саяхаттау, жаңа ортаға бейімделу табиғатыңа жақын.

30 жас – өміріңде жаңа бағыттар ашылатын кезең ретінде түсіндіріледі. Басқа салаға ауысу, жаңа кәсіп бастау, сауда, туризм, маркетинг немесе онлайн бизнес арқылы табыс табуға мүмкіндік туындауы мүмкін.

Алайда еркіндікке деген құштарлық кейде тұрақсыздыққа әкелуі ықтимал. Сондықтан тапқан табысыңды дұрыс басқарып, қаржылық жоспар құруды үйренгенің жөн.

Басты ұстанымың: «Өзгерістен қорықпаймын, әр мүмкіндікті пайдалана білемін!»


6 саны – 35 жас

Сен үшін отбасының амандығы, жақындарыңның қуанышы мен жайлы өмір сүруі өте маңызды. Қамқорлық танытуға, өзгелерге көмектесуге және жауапкершілікті өз мойныңа алуға бейімсің. Сенің табысың адамдарға пайда әкелетін істермен байланысты болуы ықтимал. Бірақ өзгелердің жағдайын ойлаймын деп, өз қаржылық мақсатыңды ұмытпа.

35 жас – отбасылық тұрақтылық пен қаржылық өсуді қатар алып жүруге ұмтылатын кезең. Жеке кәсіп ашу, қызмет көрсету саласы, сұлулық индустриясы, білім беру, медицинаға қатысы жоқ күтім қызметтері немесе үйге арналған бизнес түрлері қызығушылығыңды оятуы мүмкін.

Басты ұстанымың: «Мен өзіме де, жақындарыма да молшылық сыйлай аламын!»


7 саны – 37 жас

Сен терең ойлануға, ақпаратты талдауға және кез келген істің мәніне үңілуге бейімсің. Білім мен тәжірибені жоғары бағалайсың. Бір нәрсені бастамас бұрын, оның барлық қырын зерттегенді ұнатасың. Басты байлығың – ақыл-ойың, білімің, тәжірибең мен кәсіби шеберлігің. Солар арқылы келген табыс берекелі болады. Тым көп ойланып, әрекетті кейінге қалдырма. Білгеніңді тәжірибеде қолданудан қорықпа.

37 жас – жинақтаған білімің мен кәсіби тәжірибеңді қаржылық жетістікке айналдыру кезеңі. Сарапшылық қызмет, кеңес беру, оқыту, ғылым, IT, зерттеу және кәсіби мамандану бағыттары табыс көзіне айналуы мүмкін.

Басты ұстанымың: «Білімім артқан сайын, мүмкіндіктерім де артады!»


8 саны – 33 жас

Сен мақсат қоя білетін, үлкен нәтижеге ұмтылатын және қаржылық тәуелсіздікті бағалайтын адам ретінде сипатталасың. Ұйымдастыру, басқару, келіссөз жүргізу және жауапкершілік алу қабілетің табысқа жетуге көмектесуі мүмкін. Нумерологияда 8 саны көбіне материалдық жетістікпен, билікпен, басқарумен және кәсіпкерлікпен байланыстырылады.

33 жас – қаржылық мүмкіндіктерді кеңейту, бизнесті дамыту, мансапта жоғарылау немесе жаңа инвестициялық бағыттарды зерттеу кезеңі ретінде ұсынылады. Дегенмен үлкен табыс үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Ақшаға ғана басымдық бермей, адамгершілік пен адалдықты сақтаған маңызды.

Басты ұстанымың: «Мен мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, молшылыққа жете аламын!»


9 саны – 40 жас

Сен өмірлік тәжірибені жоғары бағалайтын, кең ойлайтын және өзгелерге көмектесуге бейім адам ретінде сипатталасың. Көп жағдайда материалдық байлықтан бөлек, рухани тыныштық пен өмірдің мәнін де іздейсің.

40 жас – жылдар бойғы еңбек пен жиналған тәжірибенің жемісін көруге, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға және жаңа деңгейге көтерілуге арналған символдық кезең.

Бұл уақытта жинақталған тәжірибеңді кәсіпке айналдыру, тәлімгерлік жасау, оқыту, әлеуметтік жобаларға қатысу немесе өз ісіңді кеңейту мүмкіндіктері туындауы мүмкін.

Сенің басты артықшылығың – өмірден алған сабағың мен адамдармен бөлісе алатын білімің. Өз еңбегіңді бағалап, табысыңды басқаруды үйренсең, жақсы нәтижеге қол жеткізе аласың.

Басты ұстанымың: «Менің өмірлік тәжірибем – ең үлкен капиталым!»


Ескерту: Бұл болжам нақты байлыққа кепілдік бермейді. Мол табыс өздігінен келмейді. Қаржылық жетістікке білім, еңбек, дұрыс шешім және мүмкіндіктерді тиімді пайдалану әсер етеді.

Аударған: Х. ОРАЛ,

ERNUR.KZ



ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Кім сізден СЕЗІМІН жасырады?