Инвестициядан кепілді табыс табуға уәде беру – Қазақстанда кең тараған алаяқтық тәсілдерінің бірі.
Фото: unsplash
ERNUR.KZ. Алматы тұрғыны алаяқтыққа қатысты 29 қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді, деп жазады zakon.kz.
Жәбірленушілердің бірі – Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны.
"Әйел трейдингке қаржы салып, мол табыс табуға болады деген ұсынысқа сенген. Ол банктен несие рәсімдеп, ақшаны өзін инвестор ретінде таныстырған әйелге аударған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ұсынысты Алматының 24 жастағы тұрғыны жасаған. Алайда жәбірленуші күткен пайдасына қол жеткізбеген. Уәде етілген 50 пайыздық табысты алмақ түгілі, салған ақшасын қайтаруда қиындыққа тап болған. Келтірілген мүліктік залал 1,9 млн теңгені құрады", – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 13 қарашада.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдіктіні алаяқтыққа қатысты 29 қылмыстық істі тергеу аясында Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері ұстаған. Қазір оның өзге де оқиғаларға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Инвестициядан кепілді табыс табуға уәде беру – Қазақстанда кең тараған алаяқтық тәсілдерінің бірі.


