Бұл бағдарлама әлемдік деңгейде бірінші орынға шығып, халықаралық аренада үздік деп танылды.
Қазақстандықтар ойлап тапқан ALEEM қосымшасы бұл жолы шынымен елді қуантты. Apple компаниясы жасаған әлемдік қосымшалар рейтінгіне қарасақ, бұл бағдарлама жаөандық деңгейде бірінші орынға шығып, халықаралық аренада үздік деп танылды. Бұрын ALEEM туралы «пайдалы қазақстандық стартап» деп айтсақ, енді оны әлем мойындаған жоба деуге толық негіз бар. Бұл жетістік, ең алдымен, қазақстандық студенттер үшін үлкен мақтаныш.
ALEEM-нің әлем бойынша 1-орынға шығуы кездейсоқ емес. Соңғы уақытта қосымша айтарлықтай жаңартылып, студенттердің нақты проблемаларын шешуге бағытталған мүмкіндіктері көбейді. Оқу тапсырмаларын жүйелеу, уақытты тиімді жоспарлау, материалды түсініп меңгеруге көмектесу сияқты функциялар студенттің күнделікті оқу өміріне оңай кірігіп кеткен. Сол себепті де әлемнің әр түкпіріндегі пайдаланушылар бұл қосымшаны жоғары бағалап отыр.
Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі – дайын жауап беріп қоймай, студентті ойлануға, талдауға, өз бетінше шешім табуға бағыттауы. Қазіргі кезде көп цифрлық сервистер жеңіл жолды ұсынса, ALEEM керісінше білімнің мәнін сақтауға тырысады. Осы ұстанымы оны халықаралық сарапшылардың назарында ерекше етіп көрсеткені анық.
ALEEM-нің әлемдік деңгейде мойындалуы қазақстандық жастарға үлкен сигнал. Яғни мықты идея мен дұрыс бағыт болса, Қазақстанда отырып-ақ әлемге танылатын өнім жасауға болады. Бұл жаңалық ІТ саласына, стартап мәдениетіне, білім беру технологияларына қызығатын студенттер үшін нақты мотивация көзіне айналып отыр.
Бүгінде студенттер тек диплом алу үшін емес, өз уақытын тиімді пайдаланып, сапалы білім жинауға тырысады. ALEEM дәл осы сұранысқа жауап беріп, оқу процесін жеңілдетіп қана қоймай, оны саналы түрде ұйымдастыруға көмектесетін құралға айналды. Әлем бойынша бірінші орынға шығуы – осы еңбектің нақты нәтижесі.


