Ол бірден 15 шетелдік университеттен шақырту алып, АҚШ-тан грант жеңіп алған.
сурет: жеке мұрағаттан
Көп оқушы шетелде оқу туралы армандайды, бірақ көбіне оны “өте қиын” немесе “маған қолжетімсіз” деп ойлап, әрекетке көшпей жатады. Шын мәнінде, бәрін бір сәтте өзгертіп жіберетін құпия жоқ — тек дұрыс бағыт, уақытында басталған дайындық және жүйелі еңбек бар.
Соның нақты дәлелі – Эльнара Куанышева оқиғасы. Оның бірден 15 шетелдік университеттен шақырту алып, АҚШ-та грант жеңіп алуы – жай ғана әдемі нәтиже емес, нақты жоспардың жемісі.
Эльнара шетелге түсуге дайындықты ерте бастаған. Ол 10-сыныптың ортасында-ақ нақты мақсат қойып, сол бағытта жұмыс істеген. Оның академиялық көрсеткіштері жаман емес: GPA – 4.7/5.0, IELTS – 7.5, SAT – 1480. Бұл балдар жақсы университеттерге түсуге жеткілікті деңгейде, бірақ ең бастысы – тек баға емес.
Оның оқу, жұмыс тәжірбиесіне қарасақ, жас болса да көп нәрсе атқарып жұрген еңбекқор қызды көруімізге болады. Ол IT және бизнес бағытында тәжірибе жинаған, қаржы саласында ассистент болып жұмыс істеген, халықаралық арбитраж саласында тағылымдамадан өткен. Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер шахмат қауымдастығында жетекшілік қызмет атқарған, өз жобасын ашқан, түрлі форумдарға қатысып, волонтерлікпен айналысқан. Яғни, ол жай ғана “жақсы оқушы” емес, нақты бағыты бар талапкер болған.
“15 университеттен шақырту алды” деген тіркес сырттай өте әсерлі естіледі. Бірақ мұнда бір нюанс бар: шетелге тапсыратын талапкерлер әдетте бір емес, бірден бірнеше университетке өтініш береді. Сондықтан бірнеше оқу орнынан жауап алу – қалыпты жағдай. Негізгі айырмашылық – кім қалай дайындалады.
Эльнара Куанышева бұл процесті жай ғана “көбірек тапсыру” деңгейінде емес, нақты стратегиямен ұйымдастырған. Әр университеттің талабына сай эссе жазып, өз тәжірибесін сол оқу орнына байланыстырып көрсете алған. Ол дегеніміз, 15 университетке 15 түрлі дайындалып, еңбектенген.
Ал “толық грант” мәселесіне келгенде де, көп адам оны біржақты түсінеді. Шын мәнінде, АҚШ-тағы қаржыландыру бірнеше форматта беріледі: оқу ақысын толық жабу, немесе студенттің қаржылық жағдайына қарай бөлінетін көмек. Яғни “толық грант” деген сөздің артында әртүрлі механизмдер тұруы мүмкін. Бірақ қай форматта болса да, шетелде оқу шығынын жабатын деңгейге жету – үлкен нәтиже.
Бұл жетістіктің артында SmarTestPrep сияқты дайындық орталығының жұмысы да тұр. Мұндай орталықтар талапкердің бағытын анықтап, құжат тапсыру процесін жүйелеуге көмектеседі. Сондықтан бұл тек бір адамның еңбегі ғана емес, дұрыс бағыт пен кәсіби қолдаудың қосындысы деуге болады.
Эльнара Қуанышеваның нәтижесі “сәттілік” немесе “ерекше қабілет” деген бір ғана факторға байланысты емес. Бұл – ерте басталған дайындық, нақты жоспар, жүйелі жұмыс және дұрыс стратегияның жиынтығы. Ең бастысы, бұл кейс бір нәрсені көрсетеді: шетелге түсу – тек таланттың емес, ең алдымен түсініп жасалған қадамдардың нәтижесі. Кім осы процесті дұрыс құра алса, сол адам нәтиже көреді.


