Жапонияда өтіп жатқан XX Азия ойындарына 32 әскери спортшы қатысып жатыр

0
123

Олар спорттың 11 түрінен ел намысын қорғайды.


Жапонияда өтіп жатқан XX Азия ойындарына 32 әскери спортшы қатысып жатыр

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Жапонияның Нагоя қаласында XX Азия ойындарында Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының спортшылары спорттың 11 түрінен ел намысын қорғайды, деп хабарлайды министрлік.
2026 жылғы Азия ойындарына әлемнің 45 елінен 15 мың спортшы қатысады. Байрақты бәсекелер 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Нагоя, Токио, Осака қалаларында, сондай-ақ Айти, Сидзуока және Гифу префектураларында өтеді.
Жарыс бағдарламасына спорттың 43 түрі мен 71 спорттық дисциплина енгізілген. Барлығы 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады.