Сурдлимпиада чемпионы 31 жасында өмірден өтті

0
95

Спортшы 2017 жылдан бастап СДЮСШОР-да жеңіл атлетикадан жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарды.


Сурдлимпиада чемпионы 31 жасында өмірден өтті

Фото:instagram.com/ruslanesenalin

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы, Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев 31 жасында өмірден өтті, деп жазады stan.kz.

Ол Сурдлимпиада ойындарының чемпионы, жеңіл атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, талантты бапкер еді. Оның шәкірттері облыстық республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, елеулі жетістіктерге жеткен.

Фархад 2022 жылы Бразилияда өткен жарыста алтын медаль, ал 110 метрге тосқауылмен жүгіруден қола медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, Ол халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері болды.

Спортшы 2017 жылдан бастап СДЮСШОР-да жеңіл атлетикадан жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарды.

Талантты спортшының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Чемпионның есімі ел есінде мәңгі сақталары сөзсіз.