Қазақстан өз тарихында алғаш рет Паралимпиада ойындарында екі бірдей медаль еншіледі.
фото: Пресс-служба Министерства туризма и спорта Казахстана
"Тарихымызда алғаш рет Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан алтын медаль жеңіп алып, оған қоса бір Паралимпиадада екі бірдей медаль еншіледік. Бұл нәтиже — ерен еңбек пен тыңғылықты дайындықтың, мықты рухтың көрінісі. Осы ойындарға ұлттық құрама 7 спортшымен 2 спорт түрінен қатысып, жалпыкомандалық есепте 18-орынға тұрақтады. Спортшылардың әрқайсысы ел намысын абыроймен қорғады. Біз сіздермен мақтанамыз", — деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Өз кезегінде спортшы да жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, арман-мақсатқа адал болу керектігін айтты. Ол бұл жетістік алдағы уақытта бұдан да үлкен нәтижелерге жетуге мотивация беретінін айтты.


