Қазақтың мерген қыздары әлем чемпионатында топ жарды

0
107

Фатима Ирназарова әлем чемпионы атанса, Зухра Ирназарова қола жүлде алып, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.


Қазақтың мерген қыздары әлем чемпионатында топ жарды

Фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram

ERNUR.KZ. Эстонияның астанасы Таллинде өтіп жатқан жылжымалы нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жүлделерін жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz.

10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ атудан өткен жеке сайыста Фатима Ирназарова әлем чемпионы атанды. Финалда ол Украина спортшысы Виктория Рыбовалованы 6:2 есебімен жеңді.

Ал Зухра Ирназарова қола медальға ие болды. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде ол Мажарстан өкілі Бианка Барбара Фаркасн Кецелиді 6:4 есебімен ұтты.

Сонымен қатар Зухра Ирназарова іріктеу кезеңінде 573 ұпай жинап, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.

20–26 шілде аралығында өтіп жатқан әлем чемпионатына 17 елден 100-ге жуық спортшы қатысуда.