Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында Германияны жеңді

0
69

Шахмат Олимпиадасында қазақстандық қыздардың жеңіс сериясы жалғасты.


Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында Германияны жеңді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

ERNUR.KZ. Қазақстанның әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасында жеңісті сериясын жалғастырды, деп жазады inbusiness.kz.

Бесінші турда қазақстандық шахматшылар әлемдік рейтингте үздік ондыққа кіретін Германия құрамасымен кездесті. Бес сағатқа созылған тартысты матч 2,5:1,5 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.

Командаға жеңіс әкелген жалғыз нәтижелі партияны Меруерт Камалиденова өткізді. Ол Ханна Мари Клекке қарсы кездесуде жеңіске жетті.

Қалған үш тақтадағы партия тең нәтижемен аяқталды:

Қазақстан – Германия – 2,5:1,5

Бибісара Асаубаева – Динара Вагнер – тең ойын;
Алуа Нұрман – Элизабет Петц – тең ойын;
Меруерт Камалиденова – Ханна Мари Клек – жеңіс;
Елназ Қалиахмет – Яна Шнайдер – тең ойын.

Ал ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы бесінші турда Эстониямен кездесті. Бастапқы рейтингте 62-орында тұрған қарсыласпен матч 2:2 есебімен аяқталды.

Қазақстан – Эстония – 2:2

Денис Махнёв – Илья Сирош – тең ойын;
Сауат Нұрғалиев – Кирилл Чукавин – жеңіс;
Даниал Сапенов – Меэлис Канеп – тең ойын;
Аңсат Алдияр – Дион Кривенко – жеңіліс.

Осылайша, әйелдер құрамасы турнирдегі жеңісті сериясын жалғастырса, ерлер командасы алғаш рет тең нәтижеге қол жеткізді.

Шахмат Олимпиадасының алтыншы тур ойындары бүгін жалғасады.