​Чемпиондар лигасы: бүгін жартылай финал ойындары басталады

0
90

​Футболдан UEFA «Пари Сен-Жермен» ¼ финалының алғашқы ойындары 14-15 сәуір күндері өтеді.


​Чемпиондар лигасы: бүгін жартылай финал ойындары басталады
Фото: UEFA.com
ERNUR.KZ. Жартылай финалға ¼ финалда қарсыластарын қапы қалдырған «Арсенал», «Бавария», «Пари Сен-Жермен», «Атлетико Мадрид» командалары жолдама алған еді, деп жазады inform.kz.

«Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Бавария» (Германия)

«Атлетико Мадрид» (Испания) — «Арсенал» (Англия).

Бұл ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ширек финалда франциялық клуб Англияның «Ливерпулін» (2:0, 2:0) жеңсе, германиялық команда Испанияның «Реал Мадридін» (4:3, 2:1) қапы қалдырды.
«Пари Сен-Жермен» былтыр «Пари Сен-Жермен» Чемпиондар лигасында топ жарса, 2019/2020 жылдары финалист болды.
«Бавария» аталған турнирде 1973/74, 1974/75, 1975/76, 2000/01, 2012/13, 2019/20 жылғы маусымда чемпион болса, 1981/82, 1986/87, 1998/99, 2009/10, 2011/12 жылғы маусымда финалға сынға түсті.
Ал «Атлетико Мадрид» Испанияның «Барселонасын» (1:2, 2:0), «Арсенал» Португалияның «Спортингінің» (0:0, 1:0) орта жолда қалдырды.
Испаниялық клуб Чемпиондар лигасында 1973/74, 2013/14, 2015/16 жылғы маусымда жеңімпаз атанса, англиялық команда 2006 жылы аталған турнирде финалда сынға түсті.
Айта кетсек, жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болады.

Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.