​Чемпиондар лигасы: «Барселона» жартылай финал жолдамасынан тыс қалды

0
126

Сейсенбіге белгіленген екі кездесудің бірінде «Атлетико Мадрид» (Испания) — «Барселона» (Испания) командалары кездесті.


​Чемпиондар лигасы: «Барселона» жартылай финал жолдамасынан тыс қалды

Фото: UEFA.com

ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалына жолдама алған екі команда белгілі болды, деп жазады inform.kz.
Сейсенбіге белгіленген екі кездесудің бірінде «Атлетико Мадрид» (Испания) — «Барселона» (Испания) командалары кездесті.
Алғашқы ойында барселоналық футболшылар қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберіп қойған еді. Сондықтан олар үшін бүгінгі кездесуде кем дегенде екі гол айырмасымен жеңіске жету маңызы артты. Нәтижесінде екі ойынның қорытындысымен таразы басы теңесетін еді.
Алғашқы минуттан шабуылға көбірек көңіл бөлген «Барселона» жылдам гол соғып үлгерді.
Ойынның 4-минутында олардың қатарынан Ламин Ямаль өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Одан кейін Ферран Торрес 24-минутта қарсылас қақпасын дәл көздеді. Осылайша екі ойынның нәтижесімен есеп теңесті.
Десе де «Атлетико Мадрид» сапынан Адемола Лукман 31-минутта бір голмен жауап қайырды.
Кездесуде «Барселона» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Дегенмен екі ойынның нәтижесімен мадридтік клуб жартылай финалға шықты.
Тағы бір кезедсуде «Ливерпуль» (Англия) — «Пари Сен-Жермен» (Франция) шеберлік байқасты. Бірінші ойында франциялық клуб 2:0 есебімен басым түскен еді. Қарымта ойында да қарсыласын дәл осындай есеппен тізе бүктірді.
Осылайша «Атлетико Мадрид» пен «Пари Сен-Жермен» клубтары жартылай финалға жолдама алды.
15 сәуірдегі ойын кестесі
«Арсенал» (Англия) — «Спортинг» (Португалия) (1:0)
«Бавария» (Германия) — «Реал Мадрид» (Испания) (2:1).
Айта кетсек, жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болады.
Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.