Бахтиер Зайнутдинов ресейлік клубқа ауысады

0
157

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Мәскеудің "Динамо" клубына ауысуға жақын.


Бахтиер Зайнутдинов ресейлік клубқа ауысады

ERNUR.KZ. Ресейлік инсайдер Иван Карповтың хабарлауынша, 27 жастағы футболшы бүгін "Бешикташтан" ауысуға байланысты медициналық тексеруден өту үшін Мәскеуге ұшып барады, деп жазады inbusiness.kz.

Келісім-шарт 2029 жылға дейін есептелген және 2,5 миллион еуромен қатар қосымша бонус төлемдерін құрайды. Мәліметтерге сүйенсек, "Динамо" мен Ресей құрамасының бас бапкері Валерий Карпин қазақстандық футболшыны жартылай қорғау шебіне қосу үшін қызығушылық танытып отыр.

Зайнутдинов ресейлік жанкүйерлерге "Ростов" және ЦСКА клубтарындағы ойынымен жақсы таныс. ЦСКА сапында ол үш маусым өткізіп, 83 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Ал, оған дейін жартылай қорғаушы "Ростов" клубының намысын қорғап, 35 ойында 4 гол және 2 ассистпен көзге түскен болатын.

Өткен маусымда Түркияда жарақатына байланысты Зайнутдинов "Бешикташ" құрамында тек 12 кездесуге қатыса алды. Оның стамбұлдық клубпен келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.