Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды

0
78

Сессия соңында қаланың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Шымкент қаласының Құрмет грамотасы» табысталды.


Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХХVI сессиясы өтіп, бірқатар мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Атап айтқанда, күн тәртібінде Тұран ауданы әкімінің лауазымына үміткерге келісім беру, туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының есебін тыңдау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуы туралы мәселелер қаралды. Сессияға қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов қатысты.

Алдымен сессияда Тұран ауданы әкімінің лауазымына ұсынылған кандидаттың бағдарламасы тыңдалып, депутаттар тарапынан Біржан Әзімбердиевті тағайындауға келісім берілді.
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарлар туралы баяндады. Оның мәлімдеуінше, өткен жылы қалаға келген туристер саны 550 мыңнан асқан. Жыл басынан бері 4 қонақүйдің құрылысы аяқталса, қазіргі уақытта тағы 9 қонақүйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан биыл 2 нысанды қайта құруға келісім берілген.
Жиында аталған басқарманың есебін депутаттар бірауыздан қолдап, оң дауыс берді.
Сонымен қатар, депутаттар жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есепті қарады. Жобалардың орындалуы, инвестициялық міндеттемелердің жүзеге асырылуы және мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуы мәселелері зерделенді.
Сессия соңында қаланың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Шымкент қаласының Құрмет грамотасы» табысталды.
Бөлісу