АҚШ-та Хэллоуин кештеріндегі атыстан 70-тен аса адам қаза тапты

0
133

Бұл елде Хэллоуин мерекесі кең көлемде аталып өтіледі.


АҚШ-та Хэллоуин кештеріндегі атыстан 70-тен аса адам қаза тапты

Фото: mo.tsargrad.tv

ERNUR.KZ. АҚШ-та Хэллоуин мерекесі кезіндегі кештерде 200-ден астам адам оқ тиіп жараланып, кем дегенде 76 адам қаза тапты. Жергілікті полиция мерекелік кештер жаппай ауруханаға түсумен аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

БАҚ мәліметінше, жұма күні таңертең Теннесси штатында жоғары сынып оқушысы мектепке тапанша әкелген. Оқиғадан ешкім зардап шекпегенімен, білім алушыға қаруды заңсыз сақтау айыбы тағылды. Сондай-ақ Чикагоның оңтүстігінде болған жанжал кезінде 35 жастағы ер адам оқ тиіп қаза тапты. Ал Миссури штатында пәтердегі кештің бірінде 22 жастағы жігіт 18 жастағы азаматқа оқ атқан. Бұдан бөлек демалыста тұрмыстық зорлық-зомбылық барысында қару қолдану оқиғалары да тіркелген.

Қалифорния штатындағы Фэрфилд қаласының полициясы хабарлағандай, сауда орталығында атыс болды. Хэллоуин костюмдері дүкенінің маңында болған оқиға салдарынан 16-43 жас аралығындағы 6 адам зардап шегіп, 31 жастағы жүкті әйел көз жұмды.

Монтана штатының Эурика қаласында жұма күні кешке болған атыс кезінде шериф орынбасары мерт болды. Тәртіп сақшылары шақыру бойынша келгенде қылмыскер оқ жаудырған, оқиға салдарынан тағы бір офицер жарақат алды. Бұдан бөлек, Алабама штатындағы көппәтерлі үйде болған атыс кезінде екі адам көз жұмды.

Басылымның жазуынша, жұма күнінен бері АҚШ-та қару қолдану оқиғаларынан 201 адам жараланып, 76 адам қаза тапты.