ШЫМКЕНТ: “Ардагерлер ұйымы” ҚБ төрағасы орталық жұмысымен танысты

0
146

Белсенді ұзақ өмір сүру – салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, қоғам өміріне араласып, әр күнді мазмұнды әрі мәнді өткізу.


ШЫМКЕНТ: “Ардагерлер ұйымы” ҚБ төрағасы орталық жұмысымен танысты

Шымкент қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына мемлекет және қоғам қайраткері, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов арнайы жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында құрметті қонақ орталықтың қызметімен, аға буын өкілдеріне көрсетіліп жатқан әлеуметтік қызмет түрлерімен, ұйымдастырылған үйірмелермен және егде жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстармен танысты.
Сонымен қатар Әбілғазы Қалиақпарұлы орталық қызмет алушыларымен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігіне, қоғамдық өмірге белсенді араласуына және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруына назар аударды. Кездесу барысында аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен қоғамдағы орнының маңыздылығы атап өтілді.
Айта кетейік, 30 қазанда Шымкент қаласында «Ұлттық құндылықтар аясындағы рухани тәрбие – ұрпақтар сабақтастығының негізі» тақырыбында форум өтті. Іс-шара аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, сондай-ақ ардагерлердің қоғам өміріндегі рөлі мен өнегесін насихаттау мәселелері кеңінен талқыланды.
Осындай кездесулер аға буын өкілдеріне көрсетілетін құрметті арттырып, олардың бай өмірлік тәжірибесін, тағылымды өнегесін жас ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.
Белсенді ұзақ өмір сүру – салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, қоғам өміріне араласып, әр күнді мазмұнды әрі мәнді өткізу.
Бөлісу