ERNUR.KZ. Бүгін елімізде Құрылтай сайлауында дауыс беру басталды. Шымкент қаласында да азаматтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауда.
Сайлауға қатысқан шымкенттік жас көшбасшы Ақан Бесбаев та дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдірді.
Ақан Бесбаев бұл сайлаудың тарихи маңызына тоқталып, әлеуметтік желідегі парақшасында: «Ел тарихындағы тұңғыш Құрылтай депутаттарының сайлауы», – деп атап өтті.
Құрылтай депутаттарының сайлауы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды үдеріс. Жастардың сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы олардың азаматтық жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігін көрсетеді.
Шымкент жастары да маңызды саяси үдеріске белсенді қатысып, ел болашағына қатысты өз ұстанымдарын білдіруде.


