Шымкенттік үздік студенттер Ақмола облысында өтіп жатқан республикалық шараға қатысуда

0
138

Слеттің негізгі мақсаты — жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттыру, жастардың көшбасшылық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын дамыту.


Шымкенттік үздік студенттер Ақмола облысында өтіп жатқан республикалық шараға қатысуда

2025 жылғы 21–23 шілде аралығында Ақмола облысындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының филиалында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің республикалық слеті өтуде.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен, “Жұмысшы мамандықтар” жылы аясында ұйымдастырылған шараға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік 5 студенті қатысып, өңір намысын қорғап жатыр. Олар түрлі форматтағы белсенді жұмыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, өз білімдері мен тәжірибелерін арттыруда.
Слеттің негізгі мақсаты — жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттыру, жастардың көшбасшылық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында:
- еңбек нарығындағы өзекті мәселелер талқыланды,
- мансаптық өсу мен кәсіптік бағдар берудің жаңа мүмкіндіктері ұсынылды,
- мотивациялық кездесулер, шеберлік сабақтар, тәжірибелік сессиялар мен командалық белсенділіктер ұйымдастырылды.
Бұл – жастар үшін үлкен тәжірибе алаңы әрі келешек жұмысшы мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуына жол ашатын маңызды мүмкіндік.
Бөлісу