СҚО-да әкімдік қызметкері суицид жасауға әрекеттенді

0
117

Полиция оқиғаның 3 қарашада болғанын растады.


СҚО-да әкімдік қызметкері суицид жасауға әрекеттенді

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Бұқаралық ақпарат құралдарында Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында әкімдік қызметкері, 62 жастағы әйелдің суицид жасау әрекетінен кейін улану белгілерімен ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады, деп жазады zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде болған оқиға аудан әкімдігіндегі қаржылық тексеріспен байланыстырылады. Алайда бұл нұсқа ресми түрде расталған жоқ.

Полиция оқиғаның 3 қарашада болғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, әйел аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан құқық қорғау органдары қажетті заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Суицид жасау әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер қажетті шараларды жүргізіп, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.